• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
Елорда 01 Қараша, 2020

Елордадағы бірқатар медициналық мекемелерге жаңа жабдықтар жеткізілді

169 рет
көрсетілді

Нұр-Сұлтандағы № 12 емхана мен отбасылық денсаулық орталығына коронавирус инфекциясына диагностика жасауға мүмкіндік беретін жоғары сапалы сандық рентген аппараттары жеткізілді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Жабдық жергілікті бюджет қаражаты есебінен сатып алынды.

Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің орынбасары Бақтияр Мәкен бірқатар медициналық мекемелерге барып, күзгі маусымдық ауруларды ЖРВИ және тұмаудың өсуін ескеріп, ұйымдардың COVID – 19-дың екінші толқынына дайындығын тексерді.

Сапар барысында әкімнің орынбасары рентген аппараттары орнатылған сүзгі және рентген кабинеттерінің жұмысымен танысты.

Айта кетейік, елордада COVID-19 ауруының өсуі тіркелді. Жауапты тұлғалар қала тұрғындарын санитарлық нормаларды қатаң сақтауға, маска тағуға және қашықтықты сақтауға шақырады.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін медициналық мекемелерге мыңнан астам оттегі концентраторы, 500 көпфункционалды арнайы төсек-орын, мыңнан астам флоуметр, 1600-ге жуық оттегі нүктелері және т. б. орнатылды.