• RUB:
    5.2
  • USD:
    523.72
  • EUR:
    544.09
Басты сайтқа өту
Әлем 02 Қараша, 2020

Ұлыбританияда төрт апталық карантин жарияланды

150 рет
көрсетілді

Ұлыбритания үкімет басшысы Борис Джонсон екінші жалпыұлттық карантин жарияланғанын хабарлады. Ол бұл шешімді «медициналық және моральдық апатты» тоқтату мақсатында қабылдағанын мәлімдеді.

Премьер-министрдің айтуынша, биылғы Рождество да бұрынғыдан өзге болмақ. Бейсенбіден бастап пабтар, мейрамханалар, спорт залдары мен кейбір дүкендер 4 аптаға жұмысын тоқтатады. Дегенмен көктемгі карантиннен бір ерекшелігі – мектеп, колледж бен университеттер жұмысын жалғастырады. Желтоқсанның 2-сінен кейін шектеулер жеңілдетіліп, ескі жүйеге қайтуы керек деген жоспар бар. «Биылғы Рождество да басқа болмақ. Мүлде басқа мереке күтілуде. Дегенмен қазір жағдайды қолға алсақ, отбасылардың бірге болуына жағдай жасай аламыз. Жауапкершілігі жоқ үкімет қана күн санап өсіп жатқан науқастар санын елемес. Қазіргі жағдай сәуірдегіден де қиын болып тұр», дейді Б.Джонсон.

Сонымен бірге азаматтарды жұмыспен қамтып отырған компаниялардың 80 пайызы жұмысын тоқтататынын ескертіп, алдын ала кешірім сұрады. Оған қоса дәрігерлердің де жұмысы қиындай түсетінін хабарлады. Олар науқастардың денсаулығына қарап, одан әрі емді көтере алатынын таңдауға мәжбүр болатыны туралы айтты. Үкімет басшысының айтуынша, Англия ауруханалары науқастарға лық толы. Тіпті науқас саны аз тіркелген елдің  оңтүстік-батысында да бірнеше апта ішінде ауруханалар толып қалған.