• RUB:
    4.83
  • USD:
    443.37
  • EUR:
    474.49
Басты сайтқа өту
Әлем 02 Қараша, 2020

Измирдегі жер сілкінісі құрбандарының саны 76-ға жетті

239 рет
көрсетілді

Түркияның Измир қаласында жер сілкінісінен опат болған адамдардың саны 76-ға жетті. Бұл туралы Anadolu Agency хабарлады.

Бұл туралы Түркия үкіметі жанындағы Төтенше жағдайдың алдын алу және жою басқармасы (AFAD) хабарлаған.

Ауруханаларға 940 адам жеткізілген. Оның 722-сі медициналық көмек көрсетілген соң үйіне жіберілген, 218-і емделіп жатыр.Жер сілкінісінен кейін 947 афтершок болған. Оның 43-інің магнитудасы 4 балдан жоғары болған.

Айта кетейік, 29 қазан күні Егей теңізінің жағасындағы Измир қаласында 6,6 балдық жер сілкінісі болды.