• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Білім 02 Қараша, 2020

Білім саласына ваучерлік қаржыландыру енгізіледі

1074 рет
көрсетілді

Қазақстанда орта білім саласына ваучерлік қаржыландыруды енгізу мәселесі пысықталып жатыр. Бұл жайында Үкімет басшысының орынбасары Ералы Тоғжановтың Мәжіліс депуттарының сауалына берген жауабында айтылған, деп хабарлайды Egemen.kz

"Қазіргі уақытта министрлік (Білім және ғылым министрлігі) «ақша оқушымен бірге жүреді» қағидатын толығымен жүзеге асыратын білім беру саласына ваучерлік қаржыландыруды енгізу мәселесі бойынша жұмыс істеп жатқанын хабарлаймыз. Сонымен қатар, жан басына қаржыландыруға көшкен орта білім беру ұйымдарында бұлтты бухгалтерияны енгізу мәселесі қарастырылуда", деді Ералы Тоғжанов.

Ералы Тоғжановтың айтуынша, бұлтты бухгалтерияны іске асыру мектептердің бюджет қаражатының жұмсалуына мониторинг жүргізуге және бақылауға кейіннен ұлттық білім беру деректер қорына мәліметтерді жинақтауға мүмкіндік береді.

"Бүгінде Ұлттық білім беру деректер қоры Әділет министрлігінің "Жеке тұлға" және "Заңды тұлға" секілді мемлекеттік деректер қорымен, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау, Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрліктерінің және тағы басқа жүйелермен интеграцияланған", деді Үкімет басшысының орынбасары.