Батыс Қазақстан облысында үш жасар баладан коронавирус инфекциясы анықталып, балабақша карантинге жабылды, деп хабарлайды Egemen.kz
Облыстық Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің баспасөз қызметінің мәліметінше, Қаратөбе ауданында балабақшаға барып жүрген 3 жасар балаға жоспарлы ота алдында өткізілген медициналық тексеріс кезінде COVID-19 анықталған.
Үйінде және балабақшада байланыста болған адамдардан сынама алынып жатыр. Аудандық бас мемлекеттік санитар дәрігерінің қаулысына сәйкес балабақша карантинге жабылды. Балабақшада қорытынды дезинфекция жүргізілді.
Сондай-ақ облыста індеттің күн санап өскені байқалады.
Айта кетейік, соңғы тәулікте 13 адамның коронавирус жұқтырғаны белгілі болып, жалпы саны 7 037-ге жетті.