Түркіменстанда дресс-код ережесін сақтамаған ұстаздар жұмыстан қуылады, деп хабарлайды Egemen.kz
Осыдан бірнеше күн бұрын Түрікменабад қаласында әкімдік қызметкері мұғалімдерге жиналыс кезінде шашты ашық түске боямау, алтын әшекей тақпау және денеге жабысып тұратын киім кимеу керектігі туралы айтқан.
Мұғалімдер шашын орамалдың астына жасыруы керек. Бұл туралы әйелдерге білім, мәдениет, денсаулық сақтау және спорт жөніндегі министр Гүлнара Джумаева мәлімдеген.Шенеуніктің айтуынша, мұғалімдер өз сырт келбетімен қоса, айналасындағы әйелдерге де ескерту жасап жүруді ұмытпауы керек.