• RUB:
    4.69
  • USD:
    513
  • EUR:
    541.16
Басты сайтқа өту
Аймақтар 02 Қараша, 2020

Алаяқ әйел танысының 7 миллион теңгесін алдап алған

572 рет
көрсетілді

Қызылордада танысының ірі көлемдегі қаражатын алдап алған алаяқ әйел ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Облыс орталығының тұрғыны өзінің танысына жақсы пәтерді нарықтық бағадан төмен бағамен алып беруге уәде беріп, оның жеті миллион теңге көлеміндегі ақша қаражатын алған. Жәбірленуші ұсынысқа қуана келісіп, қолындағы ақшаны құрбысына берген. 

Ақшаны алған құрбысына ұзақ уақыттан бері хабарласа алмаған жәбірленуші алданғанын түсініп, полицияға хабарлаған. Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында полиция қызметкерлері күдіктіні анықтап, ұстады. Ол бұрын сотты болған 44 жастағы қала тұрғыны болып шықты. Аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 190-бабының 3-бөлігі (Алаяқтық) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жұмыстары жүргізілуде.