• RUB:
    5.47
  • USD:
    473.29
  • EUR:
    512.81
Басты сайтқа өту
Аймақтар 02 Қараша, 2020

Адвокатына аяқ киімін лақтырған: Бұрынғы әйелін кепілге алған оралдыққа сот үкімі шықты

232 рет
көрсетілді

Оралда әйелін кепілге алған ер адамға қатысты сот шешім шығарды. Үкім БҚО қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында белгілі болды, деп хабарлайls Egemen.kz

Сотталушы Ерлан Ислямғалиев үкімді тергеу изоляторынан тыңдады. Ол сотты құрметтемегені үшін залдан шығарылған. Сотталушы жәбірленушінің адвокатына аяқ киімін лақтырған.

Судья Шара Зайнуллина сотталушының жәбірленуші Ираида Ислямғалиеваны кепілге алғаны, сондай-ақ, оны бірнеше рет зорлағаны және азаптағаны үшін кінәлі деп танылғанын айтты.

"Ерлан Ислямғалиев қауіпсіздігі барынша жоғары ҚАЖ мекемесінде жазасын өтеумен 13 жылға бас бостандығынан айырылды", деді судья.

Сондай-ақ, сотталушы жәбірленуші мен оның ұлының пайдасына материалдық және моральдық шығын ретінде 10,5 миллион теңге төлеуге міндеттелді.

Еске салайық, сот жабық режимде өтті. Мұның алдында айыптаушы тарап сотталушыны 13 жылға бас бостандығынан айыруды сұраған болатын.

Еске салайық, 2019 жылдың 28 қарашасында Ерлан Ислямғалиев бұрынғы әйелін кепілге алған болатын. Жәбірленуші күйеуі оны бірнеше рет ұрып, зорлық-зомбылық көрсеткенін мәлімдеген еді.