• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Аймақтар 02 Қараша, 2020

Жетім балалардың жағдайымен танысты

209 рет
көрсетілді

Алматы қаласы әкімінің орынбасары Ержан Бабақұмаров Қазақстандағы бала құқықтары жөніндегі уәкіл  А. Саин және қалалық Білім басқармасының басшысы Л. Жылқыбаевамен бірге мамандандырылған «Жанұя» кешеніне барды.

Жетім балаларға арналған «Жанұя»  мамандандырылған кешенінде жетім балалар, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, оқыту мен тәрбиелеу режимі бар балалар және мүмкіндігі шектеулі балалар оқиды.

Кешенді аралау барысында балалардың тұру жағдайын жақсарту, сапалы оқытуды қамтамасыз ету үшін оқу материалдарымен жабдықтау мәселелері талқыланды. Мекеме тәрбиеленушілерінің дұрыс тамақтануы мәселелеріне жеке назар аударылды.

Мекеме аумағында балалар мен қызметкерлердің жұқтыруын болдырмау мақсатында санитарлық-эпидемиялық талаптардың сақталуы және барлық қажетті қорғаныс құралдарымен қамтамасыз етілуі тексерілді.

Жиын қорытындысы бойынша әкімнің орынбасары Ержан Бабақұмаров Білім басқармасы мен мамандандырылған мекеме басшылығына «Жанұя» кешенінде оқитын жетім және мүмкіндігі шектеулі балалардың құқығын қамтамасыз ету бойынша нақты тапсырмалар берді.