• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
21 Қараша, 2013

Салтанатты сап

330 рет
көрсетілді

Қазақстан Республикасы Пре­зидентінің 2013 жылғы 28 ақпандағы №509 «Әскери қыз­меттің белгіленген мерзімін өткер­ген мерзімді әскери қыз­меттегі әскери қызметшілерді запас­қа шы­ғару және Қазақстан Рес­пу­бли­касының азаматтарын 2013 жыл­дың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында мер­зімді әске­ри қызметке кезекті ша­қыру туралы» Жарлығымен мер­зімді әс­кери қызметін белгі­ленген уа­қытта атқарған сарбаздарды еліне шығарып салу жүзеге асырылуда.

Осындай игілікті шара 12740 әскери бөлімінде ұйым­­шыл­­­­дық­пен өткізілді. Мерзімді әскери қыз­метке өткен жылдың күз айла­­рында шақырылған сарбаз­дар­ды бүкіл жеке құрам сап түзеп тұрып, құрметпен туған ме­кен­деріне шығарып салды.

Сарбаздарды шығарып салу

рә­­сімінде әскери бөлім коман-

­­­­­ди­рі­нің шешімімен оркестр «Кез­­де­су маршын» орындап, әске­ри бө­лімнің жауынгерлік туы жел­­бі­реді.

Штаб бастығы әскери қыз­метшілерді запасқа шығару жө­ніндегі бұйрықты оқыды, жа­уынгерлік және мемлекеттік-құқық­тық дайын­­­­дық­тарда үздік оқуымен, жақсы тәртібімен таныл­ғандарға бригада ко­мандирі салтанатты түрде батальон ко­ман­дирлерінің Тәрбие және әлеу­мет­­тік-құқықтық жұмыстары жө­нін­дегі орынбасарларының кү­ші­мен ұйымдастырған грамоталар мен бағалы сыйлықтарды табыс етті.

Шара соңында әскери бөлім командирі подполковник Жеңіс Ма­ралов тепсе темір үзетін атпал азаматтардың адал қызметіне алғыс айтты. Жеке құрам запасқа шығушылар алдынан салтанатты сап түзеп өтті.

«Егемен-ақпарат».

Соңғы жаңалықтар