• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Бизнес 03 Қараша, 2020

Еліміздің сүт өнімдері Қытай нарығына шығады

797 рет
көрсетілді

2020 жылғы 30 қазанда QazTrade экспорттық акселерациясы шеңберінде сүт өнімдерін өндірушілерге арналған кезекті топтық онлайн коучинг сессиясы өтті, деп хабарлайды Egemen.kz

Сессияны Қытайдан келген сүт саласының сарапшысы, Пекиндегі сүт өнімдеріне мамандандырылған PwC (Food Supply team) аға менеджері Тоби Лин мырза өткізді. Тоби Лин мырзаның сүт компанияларына, соның ішінде екі жетекші салалық алыптарға, сондай-ақ Қытайдың көптеген мемлекеттік және қоғамдық сүт секторына кеңес беру бойынша 15 жылдан астам тәжірибесі бар.

Коучинг сессиясы барысында Лин мырза стратегиялық басқару тәжірибесімен, ұйымдастырушылық өзгерістерімен, сүт өнеркәсібіндегі тұтынушылар мен арналарды зерттеумен бөлісті, сондай-ақ қазақстандық экспорттаушылардың Қытай сүт өнеркәсібі нарығын талдау, ҚХР-дағы түйе сүті нарығының ерекшелігі, отандық экспорттаушылардың артықшылықтары және т.б. бойынша қызықтырған сұрақтарына жауап берді.