Қазақстанда 57 елдің азаматтары үшін визасыз режимді тоқтата тұру мерзімі ұзартылды, - деп хабарлайды Egemen.kz
ҚР аумағында коронавирус инфекциясының таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия визасыз режим бойынша шешім қабылдады: 57 елдің азаматтары үшін визасыз режимді тоқтата тұруды 2021 жылғы 1 мамырға дейін ұзарту: ҚХР мен Үндістаннан келетін транзиттік жолаушылардың ҚР аумағында 72 сағат визасыз болуын тоқтата тұруды 2021 жылғы 1 қаңтарға дейін ұзарту.