• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
21 Қараша, 2013

Студенттер вальсі

450 рет
көрсетілді

Тараз қаласында халықаралық студенттер мерекесі күніне орай «Студенттік бал» кеші болып өтті.

Облыс әкімдігінің жастар сая­саты мәселелері басқармасы бүгін­де студенттердің сапалы бі­лім алумен бірге олардың қоға­мы­мызға пайдалы істермен шұғыл­дана алатын жан-жақты жетілген тұл­ға болып қалыптасуына да атсалысуда. Өйткені, сту­дент жастарды патриоттық се­зім мен шығармашылыққа баулу, эстетикалық дүниетанымын кеңей­тіп, мәдениетін арттыру мақсатында көптеген ғибратты іс-шаралар ұйымдастырып келеді. Соның бірі, міне, облыста тұңғыш рет өткізілген «Студенттік бал» кеші.

Аталмыш балға 100 жұптан құралған 200 дебютант қатысты. Бағ­­дар­­ламада дебютанттардың әлем клас­­сик­терінің әсем сазына дөңге­лене би билеуімен бірге, бал қонақ­та­рының да көңіл көтерулеріне жағдай жасалды. Тосын сый-сияпаттар да жа­ра­сып тұрды. Әсіресе, 40 студент­­тен құралған 20 жұптың аққу­дай ырғалған әсем вальсі кешке жи­нал­ғандарды ерекше әсерге бөледі.

Іс-шара аясында студенттерге 6 номинация бойынша сыйақы берілді. Сонымен бірге, жоғары оқу орындары мен колледждердің басшылары да мемлекеттік жастар сая­сатын жүзеге асыруға қосқан үлесі үшін диплом, алғыс хат және естелік сыйлықтармен марапатталды.

Көсемәлі СӘТТІБАЙҰЛЫ,

«Егемен Қазақстан».

Жамбыл облысы.

Соңғы жаңалықтар