• RUB:
    5.4
  • USD:
    474.83
  • EUR:
    518.99
Басты сайтқа өту
03 Қараша, 2020

Қызылордада табиғат қорғау заңнамаларын бұзудың 169 дерегі анықталды

183 рет
көрсетілді

Қазан айының 12 мен 11 қараша күндері аралығында облыс көлемінде "Браконьер" жедел-профилактикалық іс-шарасы өтуде, деп хабарлайды Egemen.kz

Жүргізілген рейдтік шаралардың барысында 20 күнде табиғат қорғау заңнамаларын бұзушылықтың барлығы 169 дерегі тіркелді. Оның үшеуі қылмыстық, қалғаны әкімшілік құқық бұзушылықтар.

Оның ішінде жануарлар дүниесiн пайдалану талаптарын және аң аулау қағидаларын бұзудың (ҚР ӘҚБтК-нің 382-бабы)  76 дерегі анықталды, балық аулау және балық ресурстары мен басқа да су жануарларын қорғау қағидаларын бұзудың (ҚР ӘҚБтК-нің 383-бабы 1,2,3,4-бөліктері) 25 дерегі тіркелді, кесуге тиым салынған сексеуіл ағаштарын кескені үшін 3 азаматқа қатысты (ҚР ӘҚБтК-нің 381-1 бабының 1-бөлігімен) әкімшілік хаттама толтырылып, заңды шешім қабылдау үшін сот органдарына жолданды.  

Жеке және заңды тұлғалардың қаруды заңсыз иеленуі, алып жүруi, тасымалдауына қатысты  32 әкімшілік хаттама толтырылып сотқа жолдануда.