• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
21 Қараша, 2013

«Өңір берекесі» жәрмеңкесі

304 рет
көрсетілді

Барлық аудандар мен облыс орталығының қатысуымен ұйымдастырылған «Өңір берекесі» атты ауыл шаруашылығының күзгі қорытынды жәрмеңкесінде 28 миллион теңгенің ауыл шаруашылығы өнімдері сатылып, нарықтағыдан 10-20 пайызға арзан болды. Аталмыш шара аясында 60-қа жуық сауда шатырлары орнатылып, 900 тоннадан астам азық-түлік өнімдері мен малға арналған жемазықтың 50-ден астам түрлері ұсынылды. Ауылдық округтерден әкелінген құс, мал еті мен сүт өнімдеріне сұраныс ерекше болды. Картоптың бір килосы 40, жұмыртқаның 10 данасы 175 теңгеден сау­даланды. Ауыл шаруашылығы басқармасы берген ақпараттар бойынша осы күні 16 тонна ет, 12 тонна сүт өнімдері, 17 тонна ұн, 9 тонна бал, 170 тонна картоп пен көкөніс, 625 тонна мал азығы саудаға шығарылған.

Жәрмеңкеде аймақ басшысы Самат Ескендіров қала жұртшылығымен кездесіп, әлеу­меттік маңызға ие азық-түлік бағасы бақы­лауда ұсталып отырғанын, жедел қолда­нылған шаралардың арқасында жұмыртқа қолжетімді бағаға төмендетілгенін жеткізді. Тиісті орындарға алдын ала болжам жасау арқылы бағаны өсірмеудің   барлық мүмкіндіктерін қарастыруды тапсырды.

Жыл басынан бері осы тектес 73 жәрмеңке ұйымдастырылып, 350 миллион теңгенің түрлі өнімдері саудаланыпты.

Өмір ЕСҚАЛИ,

«Егемен Қазақстан».

Солтүстік Қазақстан облысы.  

Соңғы жаңалықтар