• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Экономика 04 Қараша, 2020

Амандық Баталов: Экономиканың негізгі салаларында өсім қарқынын сақтай алдық

274 рет
көрсетілді

Өткен 9 айда Алматы облысында өнеркәсіпте өсім 3,1% немесе 846,7 млрд теңге, ауыл шаруашылығында – 2,4% немесе 634,6 млрд теңге, құрылыста – 11,6% немесе 208,2 млрд теңгені құрады. Бұл туралы Алматы облысының әкімі Амандық Баталов Президент жанындағы ОКҚ алаңында өткен брифингіде айтты, - деп хабарлайды Egemen.kz Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"2020 жыл коронавирус індетіне байланысты оңай болған жоқ. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлының тапсырмасына сәйкес Үкімет дер кезінде халықты әлеуметтік қорғау және бизнесті қолдау шараларын қабылдады. Осының арқасында экономиканың негізгі салаларында өсім қарқынын сақтай алдық", - деді А. Баталов.

Өңір басшысының айтуынша, тоғыз ай ішінде 437,9 млрд теңге инвестиция тартылып, өсім 8,8% құрады.