• RUB:
    5.51
  • USD:
    475.37
  • EUR:
    514.97
Басты сайтқа өту
Аймақтар 04 Қараша, 2020

9 қарашадан бастап Павлодар облысында шектеу шаралары қабылданады

301 рет
көрсетілді

COVID-19-дың таралуына жол бермеу мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияның төрағасы, Премьер-Министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов жұмыс сапарымен Павлодар облысына барды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Жұмыс сапары барысында өңірлік медицина объектілерінің коронавирус инфекциясының болуы мүмкін толқынына дайындығын тексерді. Сондай-ақ вице-премьер өңірдегі эпидемиологиялық жағдай бойынша кеңес өткізді, жергілікті мемлекеттік органдар мен Полиция департаменті басшылығы қабылдап жатқан шаралар туралы есебін тыңдады. Премьер-Министрдің орынбасары ауылдық жерлерде ПТР зертханасының жоқтығын ескере отырып, бұл қызмет түрінің облыс тұрғындарына қолжетімді болуын тез арада шешуді тапсырды. Ералы Тоғжанов қазан айының қорытындысы бойынша өңірде тіркелген СOVID-19 фактілерінің үш есеге өскенін атап көрсетті. Павлодар, Екібастұз және Ақсу қалаларындағы эпидемиологиялық жағдайды тұрақтандыру қажеттігіне ерекше назар аударды.

Ведомствоаралық комиссияның төрағасы өңірдегі эпидемиологиялық жағдайды тұрақтандыру бойынша облыс әкімдігіне 2020 жылдың 9 қарашасынан бастап бірқатар шектеу шараларын қабылдауды, атап айтқанда:

Павлодар қаласының периметрі бойынша блок-бекеттер орнатуды;

күн сайынғы өсімі 10-нан астам жағдайды құрайтын елді мекендерде санитарлық блок-бекеттер орнатуды;

келесі бағыттар бойынша әуе қатынасын қысқартуды:

Павлодар-Алматы аптасына 10 рейстен 5 рейске дейін;

Павлодар-Нұр-Сұлтан 3 рейстен 1 рейске дейін;

Павлодар-Шымкент аптасына 2 рейстен 1 рейске дейін;

Павлодар-Алматы бағыты бойынша теміржол тасымалдарын аптасына 7 реттен 3 ретке дейін қысқартуды;

жолаушылар теміржол құрамдарының облыс ішінде аялдауына (облыс әкімдігі белгілеген жерлерді қоспағанда) тыйым салуды;

діни объектілердің, театрлардың, кинотеатрлардың, мәдениет объектілерінің қызметін тоқтата тұруды;

қоғамдық тамақтану объектілерінің жұмысын сағат 20:00-ге дейін шектеуді;

офлайн режимде кеңестер өткізуге тыйым салуды;

қызметкерлердің кемінде 80%-ын қашықтан жұмыс істеу режиміне көшіруді;

65 жастан асқан адамдарға азық-түлікті, бірінші кезекте қажетті тауарларды, дәрі-дәрмектерді және медициналық бұйымдарды сатып алу жағдайларын қоспағанда, аса қажеттіліксіз тұрғылықты жерінен шықпауды ұсынуды;

Демалыс және мереке күндері: қоғамдық көліктің (трамвайлар, автобустар, маршруттық таксилер) жұмысын тоқтата тұруды;

жабық және ашық азық-түліктік емес және азық-түлік базарларының жұмысын тоқтата тұруды;

моншалардың, сауналардың жұмысын тоқтата тұруды;

қоғамдық тамақтану объектілерінің жұмысын тек тапсырыс берушіге жеткізу форматына көшіруді тапсырды.

Сондай-ақ өңір басшылығына карантин режимін сақтау бойынша мониторингтік топтардың қызметін күшейту, тұрғындар арасында карантин режимін мүлтіксіз сақтау қажеттілігі туралы ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізу тапсырылды. Өңірдегі эпидемиологиялық жағдай Үкіметтің тұрақты бақылауында.