Павлодар облысы Баянауыл ауданының бұрынғы әкімі жылжымайтын мүлікті заңсыз сатып алды деген күдікке ілініп, қамауға алынды, деп хабарлайды Egemen.kz
"Павлодар облысының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі Павлодар облысы Баянауыл ауданының бұрынғы әкімі Оразгелді Қайыргелдиновке қатысты сыбайлас жемқорлық қылмысын жасады деген күдік бойынша қылмыстық істі тергеуде", деп хабарлады облыстық Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі.
О.Қайыргелдинов пайдалану үшін белгіленген талапқа сәйкес келмейтін нысанды облыстық бюджет қаражаты есебінен 240 миллион теңге мөлшеріндегі қаражатқа заңсыз сатып алған деп күдікке ілінді.
"Оған қатысты қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасы таңдалды. Тергеу жалғасып жатыр", деп атап өтті ведомство өкілі.