Мемлекет басшысының өкімімен Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері Құрлық әскерлерінің бас қолбасшысы тағайындалды, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
"Мемлекет басшысының өкімімен Талғат Мамыртайұлы Қойбақов Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері Құрлық әскерлерінің бас қолбасшысы қызметіне тағайындалды", делінген хабарламада.
Сондай-ақ Мемлекет басшысының өкімімен Марат Рахымұлы Құсайынов Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері Құрлық әскерлерінің бас қолбасшысы қызметінен босатылды.