Өскемендегі Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан Техникалық университетінде "Саналы ұрпақ – жарқын болашақ" атты онлайн кездесу өтіп, бірқатар студенттер "Sanaly urpag" жобалық клубына мүшелікке қабылданды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Онлайн режимде өткен жиынды ШҚТУ бірінші проректоры Сәуле Жәдігерқызы Рахметуллина ашты. Ал "Sanaly urpaq" жобалық клубының мүшелігіне өткен 1 курс студенттері Отанымыздың париоты болуға, ел үшін адал қызмет етуге, әділетті болуға ант берді.
Кездесуге қатысушылар жастарға әділдіктің ақ туын тік ұстап, жемқорлықтан аулақ болуға шақырды.
"Елімізде сыбайлас жемқорлықтың алдын алу үшін аз жұмыс атқарылып жатқан жоқ. "Sanalyurpag" жобасы да осындай мақсатта қолға алынған. Бүгінде халқымыздың тең жартысының білім саласына тікелей қатысы бар. Сол үшін балабақшаларда, мектептерде, колледждер мен университеттерде парақорлыққа төзбеушілік мәдениетін қалыптастыруымыз қажет. Осы орайда біз бірнеше әдістемелік құралдар дайындадық. Әрбір жоғарғы оқу орнында "Академиялықадалдық" кодексі қабылдануы керек. Жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың кешенді жоспары бекітіліп, сол бойынша әрекет еткен жөн", деді Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің республикалық "Sanaly urpag" жобалық кеңсесінің басшысы Қайыржан Токушев.
Сондай-ақ кездесуде Филология ғылымдарының кандидаты, Қазақ технология және бизнес университеті Қазақстан тарихы және әлеуметтік-гуманитарлық пәндер кафедрасының профессоры Сәбира Сапина "Академиялықадалды" атты дәріс оқыды.
"Өкінішке орай, студенттердің көбі қандай да бір тақырыпты қамтығанда зерттеуге емес, іздеуге бейім. Яғни, жаңа тұжырымдамалар ашқаннан гөрі дайын дүниені қайталай салады. Жастар плагиатқа жоламай, жаңалық ашқанға ұмтылуы қажет", деді профессор Сәбира Сапина.
Кездесу соңында Д.Серікбаев атындағы ШҚТУ студенттерін "Sanaly urpag" жобалық клубына мүшелікке қабылдау рәсімін өткізді.
Өскемен