Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру шеңберінде кеше Парламент Сенатының Әлеуметтік-мәдени даму комитеті депутаттарының Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаевамен және қоғам өкілдерімен кездесуі өтті.
Кездесу барысында қоғамдық бақылауды заңнамалық бекіту мәселелері бойынша негізгі тәсілдер талқыланды.
Аида Балаева қоғамдық бақылау институтын жетілдірудің өзектілігін, оны жүзеге асыру процесін құқықтық регламенттеу үшін құқықтық жағдайлар жасау азаматтардың барлық сындарлы сұраныстарына жедел және тиімді жауап беретін «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын іске асырудың пәрменді шарасы болатынын» атап өтті.
Осылайша, болашақ заң жобасының мақсаты қоғамдық бақылау жүйесінің құқықтық негізін, сондай-ақ азаматтық қоғамды одан әрі дамыту үшін құқықтық жағдайлар жасауды айқындау ұсынылады.
Заң жобасының міндетіне бірыңғай ұғымдық аппаратты қалыптастыру, қоғамдық бақылауды жүзеге асыру қағидаттарының бірыңғай жүйесін белгілеу, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресте қоғамдық күш-жігерді біріктірудің құқықтық тетіктерін жасау, сондай-ақ қоғамдық бақылау субъектілері мен объектілерінің функцияларын, өкілеттіктері мен жауапкершілігін айқындау кіреді.
Кездесу барысында «Қазақстанның экологиялық ұйымдарының қауымдастығы» ЗТБ басқарма төрағасы Айгүл Соловьева, «Қазақстанның Азаматтық Альянсы» ЗТБ президенті Бану Нұрғазиева, «Ұлт тағдыры» ҚБ төрағасы Досмахамбет Көшім және «Адам құқықтары мен заңдылықты сақтау жөніндегі Қазақстандық Халықаралық бюро» ҚБ директоры Евгений Жовтис, саясаттанушы, қоғам қайраткері Айдос Сарым, «Eurasian Expert Council» ҚҚ басшысы Шыңғыс Лепсібаев сөз сөйледі.