Нұр-Сұлтан қаласында «Namys» командасының жүлдесі үшін 2012-2013 жылы туған жасөспірімдер арасында шағын футболдан дәстүрлі турнир өтті.
Турнирге «Спарта», «Хан», «Namys» секілді бірнеше команда қатысты. Турнир қорытындысы бойынша «Спарта» командасы жеңімпаз деп танылса, негізгі құрамы «Egemen Qazaqstan» газеті қызметкерлерінің балаларынан құралған «Namys» командасы екінші орынға қол жеткізді. Үздік үштікті «Академия Намыс» командасы қорытындылады.
Турнир нәтижесі бойынша «Ең үздік қақпашы», «Ең үздік қорғаушы», «Ең үздік шабуылшы» және «Ең үздік ойыншы» аталымдары бойынша да үздіктер анықталды. Олар сәйкесінше – Ерасыл Берікұлы («Namys»), Мүслім Мұратқазы («Академия Намыс») және Саид Төленді («Спарта»).