15 сәуірде ЕҚЫҰ-ның Іс басындағы төрағасы, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы – Сыртқы істер министрі Қанат Саудабаев мынадай мәлімдеме жасады:
Бүгін, 15 сәуірде Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың, АҚШ Президенті Барак Обама мен Ресей Федерациясының Президенті Дмитрий Медведевтің бірлескен күш-жігері, сондай-ақ ЕҚЫҰ, БҰҰ және ЕО-ның белсенді араағайындығы нәтижесінде Қырғыз Республикасының Уақытша үкіметімен және Президент Қ.С.Бакиевпен соңғысының елден кетуі туралы уағдаластыққа қол жеткізілді.
Қазіргі кезде Қ.С.Бакиев Қырғызстан аумағын тастап шықты.
Бұл елдегі ахуалды реттеу және оның құқықтық арнаға оралуы азамат соғысына орын бермеу жолындағы маңызды қадам болды.
Қырғызстандағы бүкіл халықтың мүддесі жолында біз елдің барша саяси күштерін тездетіп тұрақтылықты қамтамасыз етуге, қоғамдық тәртіп пен заң үстемдігін қалпына келтіруге, барынша өткір әлеуметтік-экономикалық проблемаларды шешуге шақырамыз.
Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық жөніндегі ұйым Қырғыз Республикасының саяси дағдарыстан тезірек шығуына және оның бұдан әрі бейбіт демократиялық дамуына алдағы кезде де қажетті жәрдем көрсетуге әзір.