Жамбыл облысында «Жұмыспен қамту-2020» жол картасы бағдарламасы аясында ағымдағы жылға барлығы 7202,1 млн. теңге бөлінді. Қамтылатын қатысушылар саны – 7080 адам. Ағымдағы жылдың 10 айында барлығы 6058,1 млн. теңге немесе қаралған қаржының 90,5 пайызы игерілді. Ағымдағы жылдың 1 қарашасына жұмыспен қамту орталықтарынан 5242 адам кеңес алып, оның ішінде 5076 адаммен әлеуметтік келісімшарт жасалды.
Жамбыл облысында «Жұмыспен қамту-2020» жол картасы бағдарламасы аясында ағымдағы жылға барлығы 7202,1 млн. теңге бөлінді. Қамтылатын қатысушылар саны – 7080 адам. Ағымдағы жылдың 10 айында барлығы 6058,1 млн. теңге немесе қаралған қаржының 90,5 пайызы игерілді. Ағымдағы жылдың 1 қарашасына жұмыспен қамту орталықтарынан 5242 адам кеңес алып, оның ішінде 5076 адаммен әлеуметтік келісімшарт жасалды.
Бағдарламаның 1-ші бағыты бойынша 4412,6 млн. теңге бөлініп, 123 жобаны жүзеге асыру барысында 2413 жұмыс орындарын ашу қарастырылған. 1 қарашаға 3686,8 млн. теңге немесе есепті мерзімге қаралған жоспардың 89,7 пайызы игеріліп, 82 жоба бойынша жөндеу жұмыстары аяқталып, 2258 жұмыс орындары ашылса, оның ішінде 1163 адам жұмыспен қамту орталықтары арқылы жұмысқа орналасты.
2013 жылы Бағдарламаның екінші бағыты бойынша 241 адам кәсіпкерлік негіздеріне оқытылып, осы мақсатқа қаралған 9,2 млн. теңге қаражат толығымен игерілді. Сондай-ақ, 650 адамға шағын несие беруге 1 млрд. 417,6 млн. теңге қаралып, бүгінгі күні 694 адам шағын несие алды.
Сол сияқты жетiспейтiн инженерлiк-коммуникациялық инфрақұрылымды (ИКИ) дамытуды және жайластыруды ұйымдастыру бойынша 136 нысанға 192,0 млн. теңге қаралған болатын. Несие алушылардан ИКИ-ді дамытуға түскен өтініштер санының азаюына байланысты қаралған қаражатты 44,8 млн. теңгеге, жобалар санын 48 нысанға қысқарту ұсынылып, қалғаны 88 нысан бойынша қаржы көлемі 147,2 млн. теңгені құрап отыр. Есепті мерзімде осы қаралған қаржының 89,3 млн. теңгесі игеріліп, ол 49 нысанға жұмсалуда. Бүгінгі күні 22 нысандағы жұмыстар толық аяқталып, қалған нысандағы жұмыстар жалғасуда. Осы бағыттағы жұмыстардың кешеуілдеуінің басты себебі мемлекеттік сараптамаға жолданған нысандар құжаттарының қайта толықтырылып, қаралу уақытының созылуына байланысты орын алды. Қаралған қаражат жыл соңына дейін толық игерілетін болады.
Бағдарламаның үшінші бағытының бірінші бөлігі бойынша жыл басынан кәсіптік даярлаудан барлығы 1936 адамды 37 мамандық бойынша оқыту жоспарланған. Қаржыландыру жоспары бойынша жылға бөлінген 506,0 млн. теңгенің 401,5 млн. теңгесі игерілді. 1 қарашаға барлығы 1937 адам оқумен қамтылды. Оқуын бітірген 784 адамның 638-і немесе 81,4 пайызы жұмысқа орналасты.
Ағымдағы жылы 590 әлеуметтік жұмыс орнын құруға 102,9 млн. теңге қаралса, жыл басынан 742 адам әлеуметтік жұмыс орындарына орналасып, осы мақсатқа қаралған қаржының 95,3 млн. теңгесі немесе 99,0 пайызы игерілді.
Сондай-ақ, жастар практикасы бойынша 1340 жұмыс орнын құруға 239,5 млн. теңге қаражат қаралса, есепті мерзімге 1739 түлек жастар практикасына жолданып, қаралған қаржының 99 пайызы немесе 204,5 млн. теңгесі игерілді, 487 адам тұрақты жұмысқа орналасты.
Бағдарламаның үшінші бағытының 2-ші бөлігі бойынша Қордай және Т.Рысқұлов аудандарында 28 отбасына немесе 151 отбасы мүшесіне арналған тұрғын үйлер құрылысы жүргізілуде.
Жорабек БАУБЕКОВ,
Жамбыл облысы әкімдігінің жұмыспен
Қамтуды үйлестіру және әлеуметтік
бағдарламалар басқармасының басшысы.