Орал қаласында «WESTKAZINVEST-2013» атты тақырыпта халықаралық бизнес форум жұмысына Ресей, Беларуь және Қазақстан мемлекеттерінің іскер топ өкілдері мен ғалымдары және мемлекеттік орган жетекшілері қатысты. Осы басқосу аясында инновациялық жобалар көрмесі ұйымдастырылып, оған әр елдегі 80 кәсіпорын өз өнімдері мен көрсететін қызмет түрлерін таныстырды.

Аталған ауқымды іс-шараның басты мақсаты – әр мемлекеттегі инвестициялық мүмкіндіктерді ортаға салу, бизнестік құрылымдардың байланыс аясын кеңейту, осы арқылы интеграциялық үрдістердің жаңа мүмкіндіктерін қарастыру.
Форумның ашылу рәсімі кезінде Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі Инвестициялар жөніндегі комитетінің төрағасы Ерлан Қайыров тәуелсіздік жылдары елімізге 200 миллиард теңге шетелдік инвестиция тартылғанын атап көрсетті. Ал Ресейдің Орал қаласындағы бас консулы Сайд Забитов бүгінгі таңда ресейлік 76 кәсіпкерлік субъектісі Қазақстанда табысты еңбек етіп жүргенін жеткізді. Оның сөзіне қарағанда Ресей мен Қазақстанның шекаралас облыстары өзара сауда-экономикалық, мәдени-гуманитарлық бағытта 250 келісім жасасқан. Екі ел арасындағы тауар айналымының қырық пайызы шекаралас аймақтардың еншісіне тиетіні бүгінгі халықаралық форумның мәні мен мақсатын тереңдете түседі.
Форумда Батыс Қазақстан облысы әкімдігі құрылыс, машина жасау, агроөнеркәсіп кешені, туризм, инновация салаларына байланысты тиісті мекеме-кәсіпорындармен, қоғамдық ұйымдармен жалпы құны 170 миллион доллар көлеміндегі инвестициялық меморандумдарға қол қойды.
Темір ҚҰСАЙЫН,
«Егемен Қазақстан».
ОРАЛ.