• RUB:
    5.5
  • USD:
    474.83
  • EUR:
    515.38
Басты сайтқа өту
Аймақтар 07 Қараша, 2020

Құс аулаған қаскөйлер құрықталды

337 рет
көрсетілді

Өскеменнің екі тұрғыны Қызыл кітапқа енгізілген құстарды аулағаны үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылды.

Қылмыс "Браконьер" жедел-профилактикалық іс-шара аясында облыстық Полиция департаментінің Криминалдық полиция басқармасы және облыстық Ұлттық қауіпсіздік комитеті департаментіні қызметкерлерінің бірлескен жұмыс нәтижесінде анықталды.

Тергеу кезінде Ителгі тұқымды сирек кездесетін екі құс Тарбағатай ауданы аумағында ауланғаны белгілі болды.

Күдіктілерді ұстау кезінде сирек кездесетін құстармен қатар, аулауға арналған торы бар металдан жасалған құрал тәркіленді. 

- 37 және 43-жастағы екі тұлғаға  қатысты Қылмыстық кодекстің 339 бабының 1 бөлімі бойынша тергеп-тексеру әрекеттері басталды, - деді облыстық Полиция департаменті бастығының орынбасары Талғат Шаяхметов.

Полиция қызметкерлері Қызыл кітапқа енгізілген сирек кездесетін жануарлар түрлерін заңсыз аулағандар қылмыстық жауапкершілікке тартылатынын қатаң ескертті.

 

Шығыс Қазақстан облысы