• RUB:
    4.98
  • USD:
    516.93
  • EUR:
    542.52
Басты сайтқа өту
Аймақтар 07 Қараша, 2020

Тіркеуде жоқ қаруды заңсыз сақтағандар жауапкершілікке тартылды

242 рет
көрсетілді

Ақтөбе облысының полиция  қызметкерлері  ішкі істер органдарында тіркелмеген тегіс ұңғылы қаруды заңсыз сақтаған және алып жүрген 77 азаматты әкімшілік жауапкершілікке тартты деп хабарлайды Egemen.kz.

Сондай-ақ биылғы жылдың 10 айының қорытындысы бойынша қару айналымы саласындағы заңнаманы бұзғаны үшін 777 азаматтық қару иесі әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Мұнымен қатар  қару сақтау ережелерінің 504 рет бұзылған дерегі және  қаруды тіркеу (қайта тіркеу) ережелерін бұзған 273 дерек тіркелді. Ақтөбе облыстық  полиция департаментінің басшысы Арыстан Атығаевтың хабарлауынша, бұдан басқа заңсыз айналымнан 106 бірлік қару алынды (оның ішінде ойық – 4, тегіс ұңғылы – 92, газды – 1, травматикалық – 3, пневматикалық – 5, сигналдық-1).

Осылайша қаңтар-қазан айының ішінде Ақтөбе облысының азаматтары жалпы сомасы 3 миллион 555 мың теңгені құрайтын 63 бірлік (ойық – 5, тегіс ұңғылы – 56, травматикалық – 2) атыс қаруын және ойық ұңғылы қаруға арналған 517 патронды полицияға өз еріктерімен келіп тапсырған.