• RUB:
    4.73
  • USD:
    511.22
  • EUR:
    540.05
Басты сайтқа өту
Әлем 08 Қараша, 2020

Еуропада шектеу шаралары қайта күшейтілді

143 рет
көрсетілді

Еуропада коронавируспен ауырғандар саны көбеюіне байланысты бірқатар мемлекет тиісті шектеу шараларын қайта күшейтті, - деп хабарлайды Egemen.kz

Грекияда қатаң карантиндік шектеулер енгізілді, азаматтарға ұялы телефон арқылы ресми сұрау салу арқылы рұқсат алғаннан кейін ғана үйден шығуға рұқсат етіледі. Елде тек азық-түлік дүкендері мен дәріханалар жұмыс істейді. Қорғаныс маскасыз жүргендерге салынатын айыппұл мөлшері 150-ден 300 еуроға дейін өсті.Францияда сағат 22.00 мен 06.00 аралығында қатаң коменданттық сағат қолданылатын жаңа локдаунның алғашқы аптасы аяқталды. Елдің оңтүстігіндегі Сент-Этьендегі ауруханалардың бірі жедел жәрдем бөлімшесінің сыйымдылығын төрт есе арттырды және басқа аймақтарға жіберілетін науқастардың санын көбейтті. Францияның Денсаулық сақтау министрлігі COVID-19 таралуының шыңы қараша айының ортасына келетіндігін алға тартуда.Польшада барлық мәдени және ойын-сауық орындары жабық, қонақ үйлер тек іс-сапармен келгендерді қабылдайды. Ел билігі бұл шаралардың бір апта ішінде нәтиже бермесе, мемлекетте толық карантин енгізіледі деп мәлімдеді. Варшавадағы Ұлттық стадионда уақытша аурухана ашылған — ол мыңға дейін ауырған адамды қабылдауға мүмкіншілік береді деп күтілуде.Дания мемлекетінің аң фермаларында мутацияланған COVID-19 өршуіне байланысты Ұлыбритания бұл мемлекеттен келушілердің елге кіруіне тыйым салды. Шекарадан өтуге тек Ұлыбритания азаматтарына және жүк көліктерінің жүргізушілеріне рұқсат етілді.