• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
Оқиға 09 Қараша, 2020

Транзиттік көлік жүргізушілерінен вирус табылды

448 рет
көрсетілді

Ақтөбе облысы аумағында індетке байланысты санитарлық-эпидемиялық жағдайдың тұрақты болғанына қарамастан, сырттан келіп-кетіп жатқан жолаушылардан қауіп күннен-күнге артып келеді. Өйткені Қарғалы ауданындағы Әлімбет және Мәртөк ауданындағы «Жайсаң» бекеттері арқылы күніне мыңдаған ауыр транзиттік көлік өтіп жатыр.

Осы кезге дейін әуе кө­лі­гі арқылы кел­гендерден қауіпті дерт табылған жоқ. Қауіп автокөлікпен өтіп жат­қандардан туын­дап тұр. Соның ішінде шекара өткізу бекет­тері арқылы облыс аумағынан Ре­сей­ге қарай және бері өтіп жатқан тран­зит ауыр көліктері санитарлық-эпи­де­миялық қыз­мет маман­дарының алаң­­даушылығын туғызып отыр. Үш күн бұрын «Жайсаң» өткізу бекетінде екі қазақстандық пен бір Ресей азаматының ПТР-тест қоры­тын­дысы оң нәтиже көрсетіп, олар дереу оқшау­ланған.

Халықаралық жүк тасы­мал­даушылары облыс аумағының бірнеше елді мекендерінің үстінен өтіп, жол бойы кемпингтерге, жанар-жағармай құю бекеттеріне, дүкендерге тоқтайтыны анық. Қауіпті дерттің ауылдарда таралып кетпеуі үшін шетелдік жүр­гізушілердің жол бо­йын­дағы сервистік қыз­мет көрсететін нысандар қызметкерлерімен байланысын болдырмауды бақылау аса маңызды. Қазір негізінен, өзбекстандық және қырғыз ауыр жүк көліктерін елді мекендерге кідірмеуін патрульдік полицейлер бақы­лап, оларды облыс шекарасынан шығарып салып жүр. Дегенмен күніне әрлі-берлі өтіп жататын мыңдаған транзиттік көліктердің бәрін бірдей бақылау мүмкін емес. Ақтөбе облысы аумағында блок-бекеттер қойылған жоқ. Ал жергілікті дәрігерлердің айтуынша, пневмониямен ауруханаға түсіп жатқандар қалада біртіндеп көбейіп келеді.

 

АҚТӨБЕ