• RUB:
    4.81
  • USD:
    498.51
  • EUR:
    522.84
Басты сайтқа өту
Ауа райы 09 Қараша, 2020

Төтенше жағдайлар қызметі қазақстандықтарға ескерту жасады

297 рет
көрсетілді

Еліміздің 14 облысында ауа райы күрт өзгеруіне байланысты төтеншеліктер ескерту жасады, деп хабарлайды Egemen.kz

Нұр-Сұлтан қаласында жаңбыр, қар, көктайғақ, 9-14 жел екпіні секундына 23 метрге дейін жетеді. Ақмола облысында тұман, көктайғақ, бұрқасын күтіледі, желдің екпіні 15-20 метрге күшейеді. Ақтөбе облысында тұман, көктайғақ, секундына 15-20 метр жел тұрады.

Алматы облысында желдің екпіні секундына 17-22 метрге күшейеді. Атырау облысында желдің екпіні секундына 15-20 метрге күшейеді. Шығыс Қазақстан облысында желдің екпіні секундына 15-20, 25 метрге жетеді. Батыс Қазақстан облысында тұман түсіп, желдің екпіні секундына 15-20 метрге күшейеді. Қарағанды облысында тұман, көктайғақ, бұрқасын, желдің екпіні секундына 15-20, 28 метрге жетеді.

Қостанай облысында тұман, көктайғақ, секундына15-20 метр жел тұрады. Қызылорда облысында шаңды дауыл тұрып, жел секундына 15-20 метр жылдамдықпен ұйтқиды. Маңғыстау облысында желдің екпіні 15-20, 23-28 метрге жетеді. Павлодар облысында желдің екпіні секундына 15-20 метрге күшейеді.

Солтүстік Қазақстан облысында тұман, көктайғақ, бұрқасын күтіледі, жел секундына 15-20 метрге күшейеді. Түркістан облысында жаңбыр, қар, тұман, жел секундына 15-20 метрге күшейеді.