• RUB:
    5.5
  • USD:
    474.83
  • EUR:
    515.38
Басты сайтқа өту
Аймақтар 09 Қараша, 2020

Мүгедек балалардың мүддесін кім қорғайды?

479 рет
көрсетілді

Өскемендегі мүгедек балалар үшін ашылған арнайы әлеуметтік қызмет көрсету орталығы жабылудың аз-ақ алдында тұр. Аутизмге және ДЦП-ға шалдыққан балаларға тегін қызмет көрсететін орталық осыған дейін мемлекеттік-әлеуметтік тапсырыс негізінде жұмыс істеп келген еді, деп жазады Egemen.kz

Волонтерлер жылы ашылған қорға жыл басынан бері мемлекет бюджетінен бөлініп келген қаржы жарты жылдан соң тоқтап қалған. Өйткені, ақылы қызмет көрсетумен айналысатын басқа орталық наразылық білдіріп, сот үкімі «мемлекеттік тапсырыс заңсыз» дегендей себеппен орталықтың жұмысын тоқтатқан. Бірақ, заңгер Владислав Животягин орталықтың құжаттары дұрыс екенін айтады. Ал мемлекет қаржы бөлуді тоқтатқаннан бері орталықтың жетекшісі Дарын Сағдолдин ғимараттың арендасы мен мамандардың жалақысын өз қалтасынан төлеп отыр.    

- Орталығымыз ерекше қарауды қажет ететін 27 балаға тегін қызмет көрсетіп келеді. Сот жұмысымызды тоқтатқанымен, өзіміз жұмысты жалғастырып келеміз. Өйткені балаларға басталған ем-домды орта жолда қалдыруға болмайды. Мұнда балалармен дефектолог, логопед, психолог, массажист мамандар жұмыс істейді. Бәрі білімді, білікті. Бассейнге дейін апарады. Ал балалардың ата-аналары жұмыс істемегендіктен, басқа ақылы орталықтарға баруға шамалары келмейді, - дейді Дарын Сағдолдин.

Білікті мамандардың айтуынша, ДЦП дертке, аутизмге шалдыққан балаларды емдеуге болады. Өскеменнен бір бала Санкт-Петербургте емделіп, денсаулығын 50-60 пайызға жақсартып келген. Оны байқаған орталық жетекшісі мүгедек балалардың шығынданып, шетелге сабылмауы үшін мемлекеттен ұтып алынған 5 млн теңге гранттың қаржысына арнайы құрылғы сатып алуды көздеп отыр. Бұған ата-аналар қуанғанымен, көңілдерінде алаңдаушылық басым.

- Менің балам ДЦП, эпилепсияға шалдыққан. Мұнда білімді мамандардың жұмыс істейтініне көзіміз жетті. Қызметтің барлық түрі тегін көрсетіледі. Ерекше балаларға қарап отырған ата-ана үшін үлкен көмек еді, - дейді ата-ана Дамир Нұрмұханбет.   

Көздері жәудіреген ерекше балалардың сауығып кетуі үшін жұмыс істеп тұрған арнайы орталықтың ертеңі бұлыңғыр. Жабылып қалса, мұндағы ата-аналардың ақылы орталықта ем алуға қалталары көтере бермейді. Қалталары көтерген күннің өзінде, ерекше балалардың өзге ортаға бейімделіп кетуі қиын.

 

Өскемен