Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 6 қарашадағы № 64 «Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің қаулыларына өзгеріс пен толықтырулар енгізу туралы» Қаулысы 10 қараша күні күшіне енеді, деп хабарлайды Egemen.kz
Қазақстан Республикасының халқы арасында COVID-19 коронавирустық инфекциясының таралуының алдын алу мақсатында ҚАУЛЫ ЕТЕМІН: 1. «Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасындағы өткізу пункттерінде коронавирустық инфекция ауруының алдын алу жөніндегі шараларды одан әрі күшейту туралы» Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 23 қазандағы № 59 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:
1) 1-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«2) Қазақстан Республикасына Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы өткізу пункттерінен теміржол, теңіз, өзен көлігінде және автоөтпе жолдарында келетін адамдарға қатысты іс-шараларды мынадай тәртіппен жүргізуді қамтамасыз етсін: алып жүретін адамдарда Анықтама болған жағдайда 5 жасқа дейінгі балаларды;
Қазақстан Республикасының үкіметтік делегацияларын;
Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің шақыруы бойынша Қазақстан Республикасына келетін шет мемлекеттердің және халықаралық ұйымдардың ресми делегацияларының мүшелерін;
Қазақстан Республикасында аккредиттелген дипломатиялық өкілдіктердің, консулдық мекемелердің және халықаралық ұйымдар өкілдіктерінің қызметкерлері мен олардың отбасы мүшелерін;
локомотив бригадаларының мүшелерін; теміржол, теңіз және өзен көлігіндегі тасымалдау қызметімен байланысты адамдарды қоспағанда, барлық келген адамдар Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын кесіп өткен кезде нәтижесі берілген күннен бастап 3 тәуліктен аспайтын уақыт өткен ПТР әдісімен COVID-19-ға тестінің теріс нәтижесі бар анықтаманы (бұдан әрі – Анықтама) ұсынуға міндетті; Қазақстан Республикасының үкіметтік делегацияларын;
Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің шақыруы бойынша Қазақстан Республикасына келетін шет мемлекеттердің және халықаралық ұйымдардың ресми делегацияларының мүшелерін;
Қазақстан Республикасында аккредиттелген дипломатиялық өкілдіктердің, консулдық мекемелердің және халықаралық ұйымдар өкілдіктерінің қызметкерлері мен олардың отбасы мүшелерін; Қазақстан Республикасының аумағы арқылы транзитпен өтетін халықаралық жүк тасымалдарын жүзеге асыратын жүргізушілерді, локомотив бригадаларының мүшелерін;
теміржол көлігіндегі тасымалдау қызметімен байланысты адамдарды қоспағанда, Қазақстан Республикасына Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы өткізу пункттерінен теміржол, теңіз, өзен көлігінде және автоөтпе жолдарында келетін адамдарға қатысты шектеу шаралары осы қаулыға 6-қосымшаға сәйкес жүргізіледі;
Қазақстан Республикасының аумағы арқылы транзитпен өтетін халықаралық жүк тасымалдарын жүзеге асыратын жүргізушілер осы қаулыға 4-қосымшаға сәйкес термометриядан және сауалнама алудан өтеді;
Қазақстан Республикасының аумағы бойынша екі жақты қатынаста халықаралық жүк тасымалдарын жүзеге асыратын жүргізушілер, теңіз және өзен көлігіндегі тасымалдау қызметімен байланысты адамдар термометриядан, сауалнамадан өтеді және Анықтама ұсынады.
Анықтама болмаған жағдайда Қазақстан Республикасының азаматтары ПТР әдісімен COVID-19-ға зертханалық тексеруден өтеді. ПТР әдісімен COVID-19-ға зертханалық тексеру үшін материал алынғаннан кейін межелі жерге дейін маршрут бойынша жол жүруді жалғастырады.
Келген адамнан COVID-19-ға зертханалық тексерудің оң нәтижесін алған кезде мемлекеттік шекарадағы санитариялық-карантиндік пунктке іссапарға жіберілген санитариялық-эпидемиологиялық қызмет маманы COVID-19-ға оң нәтиже туралы ақпаратты қазіргі уақытта келген адам сауалнамада көрсетілген маршрут парағына сәйкес аумағында тұрған облыстық Санитариялық-эпидемиологиялық қызмет департаментіне береді.
Қазіргі уақытта келген адам аумағында орналасқан санитариялық-эпидемиологиялық қызметтің маманы Денсаулық сақтау басқармасына (бұдан әрі – ДСБ) және келген адамға COVID-19-ға зертханалық тексерудің оң нәтижесі туралы хабарлайды.
ДСБ келген адамды медициналық тексеруді қамтамасыз етеді, COVID-19 белгілері болған кезде оны инфекциялық стационарға жатқызу қажеттілігі туралы шешім қабылдайды.
COVID-19 белгілері болмаған кезде оған COVID-19-дың ықтимал симптомдары туралы және межелі жерге келгеннен кейін МСАК ұйымына жүгіну және COVID-19-ға тексерудің оң нәтижесі туралы хабардар ету қажеттілігі туралы түсіндіреді.
ДСБ осы қаулыға 5-қосымшаға сәйкес тиісті қолхат алады. Санитариялық-эпидемиологиялық қызмет департаменті және ДСБ келген адамның межелі жері бойынша COVID-19-ға және ДСБ-ға тексерудің оң нәтижесі бар адамның жол жүргені туралы хабарлайды;»;
2) 7-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«1) Анықтама болмаған жағдайда ҚР азаматтары болып табылмайтын жолаушыларды әуе кемесінің бортына отырғызуға жібермеуді;»; 3) қаулыға 1-қосымшада 5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«5. ҚР-ға келген азаматтар Анықтама болмаған жағдайда ПТР әдісімен COVID-19-ға зертханалық тексеру үшін 3 тәулікке дейін карантиндік стационарға оқшаулауға жатады.
COVID-19-ға зертханалық тексеру нәтижелерін алғаннан кейін COVID-19-ға теріс нәтижесі бар келген адамдарға осы қаулыға 3-қосымшаға сәйкес тиісті қолхат алына отырып, COVID-19-дың ықтимал симптомдары туралы түсіндіру жүргізіледі. COVID-19-ға оң нәтижемен келген адамдар инфекциялық стационарға жатқызылады.»;
4) қаулыға 6-қосымша осы қаулыға қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын. 2. Осы қаулының орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын 3. Осы қаулы 2020 жылғы 10 қарашада 00 сағаттан бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері Е. Қиясов