• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Оқиға 10 Қараша, 2020

Жеке қорғану құралдарын заңсыз әкету әрекетінің жолы кесілді

157 рет
көрсетілді

2020 жылғы 8 қарашада шекарашылар "Қайрақ" автокөлік өткізу пунктінде (Қостанай облысы) жалпы сомасы 5 500 000 теңгеге тыныс алу органдарын қорғауға арналған сүзгіш маскалардың 9 600 жиынтығын Қазақстаннан Ресейге заңсыз әкету әрекетінің жолын кесті, деп хабарлайды Egemen.kz Ұлттық қауіпсіздік комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Денсаулық сақтау министрлігі Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитеті төрағасының 2020 жылғы 20 ақпандағы №56 "Жеке қорғаныш құралдарын әкетуге рұқсат беруге тыйым салу туралы" бұйрығына сәйкес Қазақстан Республикасы аумағынан жеке қорғаныш медициналық құралдарын әкетуге тыйым салынған.

ҰҚК Шекара қызметінің аумақтық бөлімшелері тыйым салынған тауарларды заңсыз әкетуге жол бермеу мақсатында өткізу пункттерінде бақылауды күшейтуге бағытталған.