Мемлекеттік жоғары оқу орындарында мемлекеттік тапсырыс құны 342 мыңнан 955 мың теңгеге дейін, ұлттық жоғары оқу орындарында 635 мыңнан 1 082 600 теңгеге дейін өсті. Бұл туралы БҒМ баспасөз қызметі хабарлады.
Докторантурада мемлекеттік тапсырыс құны 1 307 000 теңгеден 1 900 000 теңгеге дейін өсті.2020 жылғы 1 қыркүйектен бастап ЖОО оқытушыларының жалақысы кем дегенде 25 пайызға өсті. Бұл мемлекеттік тапсырыс құнынын арттыру арқылы мүмкін болды. Жыл басынан бері 26 жоғары оқу орнында профилактикалық тексеріс жүргізілді, жыл соңына дейін тағы 5 жоғары оқу орнында тексеру жүргізу жоспарланған.