• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Медицина 10 Қараша, 2020

Мемлекет басшысы: Пандемия халықаралық ынтымақтастықтың кемшін тұстарын көрсетті

160 рет
көрсетілді

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бейнеконференция режімінде өтіп жатқан Шанхай Ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттер басшылары кеңесінің отырысына қатысып жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz

"Шанхай Ынтымақтастық ұйымы өзінің қажеттілігі мен өміршеңдігін дәлелдей отырып, штатты режімде жұмысын жалғастырып келеді. Біз бүгін бекітуді көздеп отырған құжаттар пакеті – соның жарқын дәлелі. Бұл құжаттардың бәрі де Шанхай Ынтымақтастық Ұйымының абыройын бекемдей түсуі жолында жұмыс атқаратынына сенімдімін", деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Қазақстан Президенті соңғы 20 жылда ШЫҰ-ға мүше мемлекеттер үлкен жолдан өткенін атап өтті.

"ШЫҰ – ең табысты халықаралық ұйымдардың біріне айналды. Бұл ұйым жер жаһанның төрттен бір бөлігін алып жатқан аумақта сенім мен серіктестікті нығайта білетін тиімді құрал ретінде қаралады. Бұл ынтымақтастыққа мүше мемлекеттерде әлем халқының 40 пайызы тұрады, әлемдік ЖІӨ-нің 40 пайызы – осы ұйымға мүше мемлекеттерге тиесілі. Сонымен қатар ШЫҰ жауапты аймақтағы жағдай өте күрделі болып отыр, әрі ол терең трансформациядан өтуде. Коронавирус әлемдік қауымдастықтар үшін қатаң сынақ бола отырып, халықаралық ынтымақтастықтың кемшін тұстарын көрсетіп берді. Пандемия жаһандық державалардың арасындағы сенім дағдарысын күрделендіріп жіберді. Алдын алу дипломатиясы мен қақтығыстарды реттеудің қазіргі механизмдері айтарлықтай іркіліп қалды. Қауіпсіздік мәселелері бойынша қатер артып барады. Оның ішінде терроризм, қарулану бәсекесі, әртүрлі гибридті соғыстар, климаттың өзгеруі бар", деді Қасым-Жомарт Тоқаев.