• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Руханият 10 Қараша, 2020

Сыр елінде "Татар этносының мәдениеті күні" өтті

397 рет
көрсетілді

Қазақстан халқы облыстық ассамблеясының қолдауымен Достық үйінде татар этносының мәдени күні өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Татар этномәдени бірлестігі ұйытдастырған шараны "Қоғамдық келісім" КММ директорының міндетін атқарушы Азамат Мүкеев ашты.

"Тәуелсіздікпен бірге құрылған орталық осы жылдар ішінде елдің өсіп-өркендеуіне үлес қосты. Оның белсенділері үнемі жиналып, мәдени дәстүрлерді қалпына келтіруге қатысады және ата-бабаларымыздың бай мұрасын сақтау үшін қолдан келгеннің бәрін жасайды. Ең бастысы, олар бірлік пен бейбіт өмірдің құндылығын терең түсінді. Сондықтан аймақтағы келісім орталығына айналған Қазақстан халқы Ассамблеясына облыстық филиалына деген алғысы шексіз. Пандемия кезінде де қауымдастық мүшелері онлайн режимінде барлық іс-шараларға, мерекелерге, жарыстарға қатысып, өз белсенділіктерін көрсетті", - деді Азамат Мүкеев.

Шарада қауымдастық мүшелеріне достық пен келісімді нығайту жолында атқарған жұмыстары үшін Қазақстан халқы Ассамблеясының 25 жылдығына арналған медальдар табыстады.

"Біздің күнделікті жұмысымыздың негізгі мазмұны қоғамдағы достық пен келісімді нығайту, жалпы адамзаттық рухани-адамгершілік құндылықтарды насихаттау, жас ұрпақты патриоттық рухта тәрбиелеу, біздің ортақ үйіміздің болашағы үшін жоғары жауапкершілік", - деді татар этномәдени бірлестігінің жетекшісі Галия Гизатуллина.

Сонымен қатар облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы хатшылығының меңгерушісі Жағыппар Тәжмаханов аймағымыздың дамуына зор үлес қосқан татар этносының өкілдеріне алғыс хатын табыстады.

Мәдени күн аясында тыл ардагерлеріне Татарстан Республикасының Президенті Рустам Миннихановтың құттықтау хаттары табысталды.

Шарада әр түрлі жанрдағы ән-би, өлеңдер орындалды. "Жасмин" би тобының бишілері соғыс уақытын еске түсіретін "Көк орамал" биін орындады. Ұлы ақын Абай Құнанбаевтың шығармалары негізінде "Сарман" вокалдық тобы мен жеке әншілер әр түрлі тілдерде әндер шырқады.