Семей қаласында Тәңірбергенов - Народная көшелерінің айналма жол айрығында "ВАЗ-21114" автокөлігінің 29 жастағы жүргізушісі тізгінге ие бола алмай, темір қоршауға соғылған, деп хабарлайды Egemen.kz
Жол-көлік оқиғасы салдарынан 41 жастағы жолаушы алған дене жарақатынан қайтыс болды. Ал жүргізуші оқиға орнынан қашып кеткен.
"Жол апатынан кейін жасырынған жүргізуші "Бобровка" саяжай маңайында ұстады", деді облыстық Полиция департаментінің бастығы Сағат Мәдиев.
Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Қазіргі уақытта жүргізуші уақытша ұстау изоляторына қамалды. Бірқатар сот сараптамалары тағайындалды.