• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Әлем 11 Қараша, 2020

Дональд Трамп сайлау қорытындысына келісер емес

245 рет
көрсетілді

Республикалық партия атынан президент сайлауына түскен Дональд Трамп дүйсенбіде әділ сайлау үшін күресті бас­тайтынын мәлімдеді. Осылайша, Пен­сильвания, Мичиган сынды әуел­ден нақты бір тарапты қолдамаған штат­тар­дағы санақты тоқтатуға тырысты.

Ақүй баспасөз хатшысы Кейли Макинаниге қандай да бір құқықбұзу­шы­лық фактісін көрсету тапсырылды. Ол республикалықтардың куәгерлерден жазбаша түсініктеме жинағанын хабарлады. «Бәріміздің қалауымыз шындық пен әділдік», дейді баспасөз хатшысы.

Дональд Трамп қарсыласына жол беруден бас тартумен қоса, ойға қонымсыз мәлімдемелер жасап, жаңа сайланған президент Джо Байденді федералдық қаржыға жолатпай, оның кеңсесінің жұмысқа кірісуіне мүмкіндік бермей, түгел елді тығырыққа тіреп отыр. Бұл әрекетін Трамп келесі жылдың 20 қаңта­ры­на дейін жалғастыра алады.

«Бұл сайлау жүйесі 200 жылдан бері жұмыс істеп келеді. Ал биыл жарамсыз болып, мемлекетімізге кесірін тигізуі мүмкін емес», дейді сенатор Сюсан Коллинз.