• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Әлем 01 Қараша, 2020

Қобда қаласында қазақ тілін үйрететін сынып ашылды

411 рет
көрсетілді

Бүгін Моңғолияның Қобда қаласындағы Жастар және оқушылар сарайында қазақ тілінің онлайн сыныбының ашылу салтанаты болды.

Іс-шараны Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының Моңғолияның Қобда аймағындағы өкіл Зиба Яасайқызы ашып берді.

Қобда қаласындағы Қазақ ұлттық Али ЖШС - ның төрағасы Мұрат Долдайұлы жиналғандарға Дүниежүзі қазақтарының V құрылтайында Елбасы тапсырмасымен құрылған "Отандастар қоры" туралы айтып берді.

Қазақ тілін үйренуге байланысты Қоғам тарапынан ҚР Моңғолиядағы елшілігі арқылы берілген теледидар, ноутбук, қастерлі қалам сияқты оқытуға арналған жабдық құралдарды таныстырып, Otandastar channel каналынан қазақ тілін үйрену әдістемелерін түсіндірді.

Балалардың смартфондарына қазақ тілін үйренуге қажетті оқу программаларының сілтемелерін қосып беруге көмектесті.

Сондай-ақ, мектеп жасына дейінгі балалардың үйде қазақ тілін үйрену қажеттігін тілге тиек етті. Осы сарайда аптасына екі рет Qazaq klassy сыныбын тұрақты жұмыс істейтінін атап өтті.