СҚО сайттардың біріндегі "жаңа танысу" Петропавлдың 65 жасар тұрғыны үшін жайсыз аяқталды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Зейнеткер осындай сайттардың біріне тіркеліп, өзінің сауалнамасын қалдырған. Көп ұзамай бойжеткен хабарласып, екеуі хат алмасқан. Жаңа танысы зейнеткерге киноға баруды ұсынып, Петропавл қаласы Интернациональ көшесі, 66 үйде орналасқан жалған "Kvadrofilms" сайтының мекенжайын жіберген. Ол тағы күнін, кино болатын залды және сеанстың уақытын алдын ала таңдауға болатынын айтып түсіндірген. Сайтқа өткен қарт өз карточкасының деректемелерін қалдырған. Біраз уақыттан соң "кинотеатр операторы" хат жазып, телефонына келген кодты айтуын сұрайды. Оны айтып бергеннен кейін зейнеткер өзінің алаяқтардың арбауына түсіп қалғанын және карточкасынан 118 мың теңге ақшасынан айрылғанын бір-ақ көреді.
"Қаскөйлер "жеке тұлғаларға арналған интернет-банкинг" және "SMS-парольдерді жеткізу" сервистерін пайдалану арқылы ақшаны жәбірленушінің шотынан басқа шотқа аударған", дейді СҚО Полиция департаменті Криминалдық полиция басқармасының бастығы, полиция полковнигі Петр Климов.
Ол қандай жағдай болмасын ешкімге жеке деректер туралы айтпауды ескертті.
ПЕТРОПАВЛ