Еліміздің Көліктегі бас мемлекеттік санитар дәрігері Сәдуақас Байғабылов шетелден ұшып келген жолаушыларға қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Egemen.kz
Санитар дәрігердің айтуынша, бүгін түнде Шарм-әл-Шейхтен Нұр-Сұлтанға 241 жолаушысы бар ұшақ қонған. Олардың 22-сінде ПТР анықтамасы болмағандықтан, 7 күндік карантинге жатқызылды.
Осылайша, карантинге жатқызылған жолаушылар біреуінен тесттің нәтижесі шығып, коронавирус жұқтырғаны анықталды.