• RUB:
    4.75
  • USD:
    498.55
  • EUR:
    524.28
Басты сайтқа өту
Оқиға 12 Қараша, 2020

Сурет сайысында бақ сына!

149 рет
көрсетілді

Бүкіл әлемді шарпыған COVID-19 індеті Қазақстанды да айналып өтпеді. Елде карантин жарияланып, әлі күнге дейін мектептегі оқу бағдарламалары онлайн режімде өтуде.

Балалар бұрын-соңды бас­тарынан кешірмеген ыңғайсыз ырғаққа әлі үйрене алар емес. Осы орайда, Нұр-Сұлтан қала­сындағы Юнус Эмре түрік мәде­ниет орталығы індет жағ­дайында сабақты үйден оқып жатқан балаларға арналған сурет байқауын өткізуді жоспарлап отыр.

«Мектебімді сағындым» деп аталатын сурет жарысына Нұр-Сұлтан қаласында тұратын 12-14 жас аралығындағы оқу­шылар қатыса алады. Бәйгеге жіберілетін суреттер А3 форматында кез келген бояумен қабылданады. Жұмыстар 25 қарашаға дейін Юнус Эмре түрік мәдениет орталығына тапсырылуы керек.

Ұйымдастырушылар хабар­лағандай, қазылар таңдайтын алғашқы ондыққа кірген шы­ғармалар орталықтың әлеу­мет­тік желі парақшасында 27 қа­раша мен 6 желтоқсан аралы­ғында жарияланады. Ең көп дауыс жинаған 3 шығарма иесі же­ңімпаз болып есептеледі. Жарыс қорытындысы 7 желтоқ­санда белгілі болмақ.

Бәйге туралы толық ақпарат афишада көрсетілген.