• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
26 Қараша, 2013

Мемлекеттік қызметті реформалау міндеттері аймақтық семинарда талқыланды

384 рет
көрсетілді

Мемлекеттік қызмет істе­рі агенттігі Павлодарда «Мем­ле­кеттік қызметті реформалау: ішкі түйін және аймақтық БАҚ-тағы көрінісі» деген тақырыпта журналистерге арналған семинар ұйымдастырды.

Мемлекеттік қызмет істе­рі агенттігі Павлодарда «Мем­ле­кеттік қызметті реформалау: ішкі түйін және аймақтық БАҚ-тағы көрінісі» деген тақырыпта журналистерге арналған семинар ұйымдастырды.

Ол Еуропа Ода­ғының «Қазақстан үкіметі мемлекеттік қызметін реформалау және модернизациялау» жобасы қолдауымен жүзеге асты. Жиында БАҚ пен басқа да қоғамдастық өкілдері мемлекеттік қызмет жаңа моделі мәселелерін, оның ішінде мемлекеттік органдардың қоғаммен бірлесе әрекет ету жолдарын ортаға салды.

Семинар жұмысына Пав­лодар, Шығыс Қазақстан және Солтүстік Қазақстан облыстарындағы бұқа­ралық ақпарат құралдарының өкілдері, Павлодар облысының мемле­кеттік қызметкерлері, мемле­кет­тік қызмет көрсету бойынша жеке тұлғалар, коммерциялық емес ұйымдармен өзара ықпалдасу және ынтымақтасу бойынша қоғамдық кеңес пен жергілікті тәртіптік кеңестің мүшелері қатысты.

Басқосуда Мемлекеттік қыз­мет істері агенттігінің төр­ағасы Әлихан Байменов конкурстық проце­дуралардың ашықтығы ме­ханизмі, сыбайлас жемқорлықпен күрес, «командалық көшуді» азайту секіл­ді бірқатар өзекті мәселелер төңіре­гіндегі мемлекеттік қызмет моделінің негізгі қағидаларын түсіндірді.

«Қазақстан Үкіметі мем­ле­кет­тік қызметін реформалау жә­не модернизациялау» жоба­сы­ның жетекшісі Джордж Миро­гиян­нис мемлекеттік қызметті дамы­тудың заманауи үдерістеріне, Қазақстанның мемлекеттік қыз­метті модер­низациялаудағы озық еуропалық тәжірибені қолдану мәселелеріне тоқталды.

Семинарда, сонымен бірге, кадр­ларды іріктеу мен жоғарылатуда меритократия принциптерін қол­дану, мемлекеттік қызметтегі этика­лық және жемқорлыққа қарсы бақы­­лауды күшейту, «А» корпусын қалып­тастыру мен мемлекеттік қызметкерлерді оқыту мәселелері талқыланды.

Фарида БЫҚАЙ,

«Егемен Қазақстан».

Соңғы жаңалықтар