• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Елорда 12 Қараша, 2020

Алтай Көлгінов елордалық ҚХА жұмысы туралы айтты

230 рет
көрсетілді

Елбасының тапсырмасына сәйкес елордалық Ассамблеяны дамыту бағдарламасы қабылданды. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов өзінің «Инстаграм» парақшасында жазды, деп хабарлайды Egemen.kz 

«ҚР Тұңғыш Президенті-Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың төрағалығымен онлайн режимде ҚХА Кеңесінің отырысы өтті. Ассамблея Төрағасы «татулық, келісім мен бірлік мемлекеттік саясаттың негізгі бағыты болып қала береді. Ассамблея барлық этностарды ортақ қазақстандық құндылықтарымыздың айналасына топтастыруға бағытталған жұмысты жүргізуге тиіс» деп атап өтті.

Елбасының тапсырмасына сәйкес 22 этномәдени бірлестіктің басын қосқан елордалық Ассамблеяны дамыту бағдарламасын қабылдадық.47 шығармашылық ұжым жұмыс істеп келеді. Соның бесеуі өткен жылы «халықтық» мәртебесін алды.

Әлемде болып жатқан оқиғалар мен пандемияға қарамастан, Ассамблея мүшелерінің белсенді жұмысы мен қолдауы оң әсер беруде. ҚХА мүшелері қайырымдылыққа белсенді қатысады. Мемлекет басшысы бастамашылық еткен "Біз біргеміз!" акциясы аясында 50 млн теңгеден астам сомаға көмек көрсетілді.

Достық Үйінде ҚХА еріктілер қозғалысы орталығы жұмыс істейді. Олар қала тұрғындарына тұрақты түрде көмек көрсетеді. Қарттарға шаруашылық бойынша, азық-түлік, ал пандемия мен карантин кезінде қорғаныс құралдары мен маскаларды тасымалдады. Қоғамдық орындарда маскалар таратып, тұрғындарға санитария нормаларын сақтаудың қажеттілігі мен маңызы туралы түсіндірді. Гуманитарлық жүк тасымалдауда еліміздің өңірлеріне көмек көрсетеді. (Арыс, Қордай, Мақтаарал ауданы және т.б.).

Сонымен қатар, елордалық Достық үйі этномәдени бірлестіктерді дамыту үшін көпфункционалды ресурстық орталыққа айналды. Базада "Жыр орталығы", "Парасат" қайырымдылық қызметін үйлестіру орталықтары, "Аналар аманаты" қолөнер шығармашылығы орталықтары, жастарға арналған коворкинг-орталық және т. б. жұмыс істейді.

Сондай-ақ, мемлекеттік тілді, мәдениетті, дәстүрді үйренуге жағдай жасауға ерекше көңіл бөлінеді. Бүгінде ҚХА жанында 12 этнолингвистикалық мектеп жұмыс істейді, онда 600-ден астам оқушы оқиды. Ортақ құндылықтарымызды ілгерілету жөніндегі белсенді жұмысы арқылы Ассамблея мүшелері күн сайын халықтың бірлігін көрсетіп келеді.

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы атап өткендей, "Халық бірлігінің негізі – біздің бірегей ұлттық кодымыз", деп жазды Алтай Көлгінов.