• RUB:
    5.51
  • USD:
    475.37
  • EUR:
    514.97
Басты сайтқа өту
Қазақстан 12 Қараша, 2020

Сауда орталығында кішкентай қыздарға тиіспек болған ер адам ауыр жаза алды

226 рет
көрсетілді

Алматыдағы сауда орталықтарының бірінде кішкентай қызға тиіспек болған ер азамат 10 жылға сотталды, деп хабарлайды Egemen.kz 

Істі қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты (АІЖК) қарады. Сотталушыға Қылмыстық кодекстің 124-бабының 1-бөлігімен қасақана кәмелетке толмаған адамға қатысты күш қолданбай ерсі әрекеттер жасады деп айыпталды.

"Сот сотталушы 2012 жылы туған екі кішкентай қызға зорлық-зомбылық көрсетпестен, сауда орталығында қаскөйлік әрекеттер жасағанын анықтады. Атап айтқанда, ол оларға ұялы телефонынан порнографиялық мазмұндағы бейнелерді екі рет көрсеткен - алдымен сауда орталығының фойесінде, содан кейін әйелдер дәретханасына кірген", делінген қалалық соттың хабарламасында.

Ер адам 10 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасына және 10 жыл мерзімге кәмелетке толмағандармен жұмыс істеуге байланысты қызметтерге орналасу құқығынан айырылды.

Істің жеңілдететін мән-жайларының жоқтығын, қылмыскердің жеке басы мен қылмыстың әлеуметтік қауіптілік дәрежесін ескере отырып, сот оған ең ауыр жаза тағайындағаны атап өтілді.