• RUB:
    5.51
  • USD:
    475.37
  • EUR:
    514.97
Басты сайтқа өту
Әлем 12 Қараша, 2020

Украина президенті ауруханаға түсіп қалды

243 рет
көрсетілді

Коронавирус жұқтырған Украина президенті Владимир Зеленский ауруханада емделіп жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz.Бұл туралы президент кеңсесі басшысының кеңесшісі Михаил Подоляк айтты.

"Барлығы қатаң түрде хаттамамен реттеледі. Олар (Зеленский және президент кеңсесінің басшысы Андрей Ермак-ескерту) Теофанияда. Онда арнайы жабдықталған кабинет бар. Президент онда жиналыс өткізе алады. Ол оқшауланған палатада жатыр, әрі оның арнайы байланысы бар", дейді Подоляк "Украинская правда" басылымына берген сұхбатында.

Сонымен қатар, ол Зеленский мен Ермактың жұмыс кестесі бар екенін, олар тек оқшауланғанын атап өтті. 

Кеңесші Украина президенті мен Ермек ауруханада бірін-бірі көрмейтінін, тек телефон арқылы сөйлесетінін айтты.