• RUB:
    4.81
  • USD:
    498.51
  • EUR:
    522.84
Басты сайтқа өту
Аймақтар 12 Қараша, 2020

Қарқаралы қала мәртебесінен айырыла ма

590 рет
көрсетілді

Қарағанды облысында орналасқан Қарқаралы қала мәртебесінен айрылуы мүмкін деген әңгімеге қатысты аталған облыс әкімі түсініктеме берді, деп хабарлайды Egemen.kz

"Қарқаралының қала мәртебесіне қатысты көптеген сұрақтар біздің әкімдікке де, Ұлттық экономика министрлігіне де келіп түсті. Бүгінде Қарқаралыда 9 мыңдай адам тұрады. Ал жалпы нормативке сәйкес қала мәртебесі берілуі үшін, онда 12 мыңнан астам адам тұруы тиіс. Бірақ Қарқаралының орны ерекше, сондықтан да біз бұл мәселе бойынша министрлікпен де, Үкіметпен де ойластық. Соның нәтижесінде Қарқаралы қала болып қалады", деді Ж. Қасымбек ОКҚ-де онлайн өткен баспасөз мәслихатында.