Білім және ғылым министрлігінің жаңа вице-министрі болып Есенғазы Иманғалиев тағайындалды. Бұл туралы Білім және ғылым министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Total.kz порталының мәліметінше, осыған қатысты қаулыға 25 қараша күні қол қойылған.
Өзінің жаңа орынбасарын ведомство ұжымына таныстыра келіп, министр Аслан Сәрінжіпов оның білім беру жүйесі мен оның аймақтағы ерекшеліктері жөнінде тәжірибесі бар екенін айтты.
«Осы салада еңбек еткен жылдары ішінде Иманғалиев өзін сарапшылар арасында нағыз кәсіби маман ретінде танытты. Біз оған мектепке дейінгі, орта білім, техникалық және кәсіби білім салаларында, сондай-ақ бала құқықтарын қорғау мен өзін-өзі тану пәнін дамыту жөнінде маңызды тапсырмалар беріп отырдық . Оның вице-министр болып тағайындалғанға дейінгі өмірбаяны білім беру жүйесімен тығыз байланыста болып келді. Ол мұғалімдік, техникум директоры лауазымынан бастап, облыстық деңгейдегі басшыға дейінгі кәсіби жодан жүріп өтті», - деді министр.