• RUB:
    4.81
  • USD:
    498.51
  • EUR:
    522.84
Басты сайтқа өту
Қазақстан 12 Қараша, 2020

"Гарант 24" қаржы пирамидасына қатысты тергеу аяқталды

295 рет
көрсетілді

ІІМ Тергеу департаментінің басшысы Санжар Әділов "Гарант 24 Ломбард" қаржы пирамидасының ісіне қатысты пікір білдірді", деп хабарлайды Egemen.kz

"Гарант 24 Ломбард" қаржы пирамидасын ұйымдастырушылардың қылмыстық ісін тергеу аяқталды. Осы қылмыстық істі тергеу үшін ІІМ арнайы тергеу-жедел тобы құрылды, онда 150-ден аса тергеушілер мен анықтаушылар болды. Жұмыс барлық аумақтық бөлімшеде жүргізілді. Біз қылмыстық әрекеттің 33 эпизодын тіркедік. Қазіргі уақытта қылмыстық жауапкершілікке 56 адам тартылып, бес адам іздестіріліп жатыр", деді Әділов ІІМ онлайн-брифингінде.

Полицияға 18 мыңнан аса адам өтініш білдірген.. Жәбірленушіге 22 миллиард теңге көлемінде шығын келтірілген.

"ІІМ-де жедел-іздестіру шаралары жүргізілді. Іздеудегі адамдардың басым бөлігі ұсталды. Ұлттық ұланның көмегімен Молдоваға, Қырғызстанға және Түркияға арнайы ұшып бардық, сол жерден біз іздестірілген адамдарды жеткіздік", - деп қосты Әділов.

Оның айтуынша, күдіктілерден 70 миллион теңгеден аса қаржы тәркіленген.

"Бұл 15 автомобиль, екі жүк самосвалы, екі автокран, қарда жүргіш құрал, 29 пәтер мен үй, үш жер учаскесі, бес тұрақ орны, бір кафе-бильярд бөлмесі.

Тәуелсіз сарапшылар жүргізген бағалау бойынша күдіктілердің тыйым салынған мүлкінің жалпы құны 22 миллиард теңгеден асады. Тергеу барысында біз төрт үйге, 140 пәтерге, 1572 автокөлікке тыйым салдық. Компанияның барлық кеңсесінде тінту жүргіздік, құжаттар мен заттай дәлелдемелерді алдық", деді Тергеу департаментінің басшысы.