Ресейдің 85 аймағында бір тәулікте 19 851 адам коронавирус жұқтырғаны анықталды, деп хабарлайды Egemen.kz РИА Новостиге сілтеме жасап.
Анықталған науқастардың 24,9 пайызында аурудың белгілері болмаған. Сондай-ақ коронавирус жұқтырған 18 616 адамның жазылғаны белгілі болды. 432 науқас көз жұмды – бұл Ресейде коронавирус эпидемиясы басталғаннан бері рекорд көрсеткіш.Ауру жұқтырғандардың көбі Мәскеуде (4777 адам) тіркелді, одан кейін Санкт-Петербургте (1571 адам), Мәскеу түбінде (701), Нижегородск(414) және Архангельск (338) облыстарында анықталды.
Ал, Қазақстанда өткен тәулікте 587 адамда коронавирус індеті ПТР арқылы расталып, ауырғаны белгілі болды.